2025 жылы осы мақсаттарға 17,1 млрд теңге бөлінді. 2022 жылдан бері қаржыландыру 2,6 есеге артты. Осы кезеңде жалпы құны 39,1 млрд теңгені құрайтын 938 жоба іске асырылды.
Медеу ауданы бағдарламаның белсенді қатысушысы – өткен жылы ауданда «Халық қатысатын бюджет» қаржыландыруы 25%-ға өсіп, 1,6 млрд теңгеден 2 млрд теңгеге жетті.
«Бұл аулада «Халық қатысатын бюджет»и бағдарламасы аясында абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Жөндеу барысында кіші архитектуралық нысандар орнатылып, футбол алаңы салынды. Ауланың айналасына жасыл желек отырғызылып, автоматты суару жүйесі қойылды. Балалардың қауіпсіздігі үшін резеңке жабынды төселді.
Жобаның бастамашысы – осы ауданның тұрғындары. Олар эскиздік жобаны әзірлеп, бағдарламаға қатысуға өтінім берген. Бұл аулада 20 жылдан астам уақыт тұрып келе жатқан тұрғындар өз мүлкіне ұқыппен қарайды», – деді Медеу ауданы әкімі аппаратының коммуналдық шаруашылық бөлімі бас маманы Алмас Серіков.
Айта кетейік, 2024 жылы «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында 34 жоба жүзеге асырылды.
«Ауламызда жөндеу жұмыстары 2024 жылдың қыркүйегінде басталды. Бұған дейін өз күшімізбен абаттандыруға тырысып, ағаш отырғызғанбыз. Ол кезде ауламыз қараусыз, топырағы қопарылып жатқан еді. Аудан әкімдігіне үлкен алғыс айтамыз, көп көмектесті. Арнайы бағдарламаға қатысып, тұрғындарымыз да қолдау көрсетті. Енді бәріміз риза болып отырмыз. Әрине, ауа райына байланысты жұмыстар сәл созылды, бірақ негізгі шаруа былтыр аяқталды. Қазір ауламызда балалар мен спорт алаңы бар. Сондай-ақ, балалар туған күндерін атап өтетін орындық қойылған күрке орнатылды», – деді ауланың басқарушысы Евгений Закржевский.
«Мұндай абаттандырылған ауланың болғанына бәріміз өте қуаныштымыз. Себебі тұрғындардың барлығы бұл іске мүдделі болды. Жоба әзірлеу кезінде әрқайсысы өз үлесін қосты. Аудан әкімдігінің қолдауымен осындай әсем аулаға қол жеткіздік. Үлкен еңбегі үшін ауламыздың басқарушысы Евгенийге алғыс айтамыз. Ол әрқашан тазалық пен тәртіпті қадағалап жүреді. Қазір автоматты суару жүйесі орнатылды. Бұрын Евгений ағаштар мен гүлдерді суару үшін шелекпен су таситын», – деді аула тұрғыны Гүлзара Мұқатаева.
Айта кетейік, қаржыландыру көлемінің артуы және тұрғындардың белсенді қатысуы (2023 жылы дауыс беру 2022 жылмен салыстырғанда 22%-ға өсті) «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасының тиімділігін көрсетеді.
«Мен бұл аулада 1972 жылдан, үй салынған кезден бері тұрамын. Шынымды айтсам, бүгінгі көрініске соңғы жылдары ғана қол жеткіздік. Ауланың абаттандырылуы – балаларға қуаныш сыйлаған қос алаңның пайда болуы. Күн сайын олардың ойнап жүргенін көремін. Барлығы сапалы жасалған. Ал футбол алаңы нағыз тартылыс орнына айналды – көршілердің бірі балаларды тегін жаттықтырады.
Бұл – тұрғындардың еңбегі. Өйткені олар жобалау мен келісу жұмыстарына белсенді қатысты. Аудан әкімдігіне де алғыс айтамын, бюджет бөліп, мердігерді анықтап берді. Әсіресе, әр процесті қадағалап отырған Евгенийге ризашылығымды білдіремін», – деді аула тұрғыны Асқар Ибраев.
Медеу ауданындағы ХҚБ – қала тұрғындары мен билік арасындағы диалогтың жарқын үлгісі. Қаржыландырудың артуы мен нақты жобалардың жүзеге асуы (мысалы, Барибаев–Гоголь көшелерінің қиылысындағы жұмыстар) аула мен қоғамдық кеңістіктің жайлылығы мен қауіпсіздігі тұрғындар бастамасының нәтижесіне айналып отырғанын көрсетеді. Бағдарлама қаланың жанданып, абаттандырылған ортаға айналуына ықпал етуде.
«Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы мегаполисті көркейту ісінде билік пен халықтың серіктестігінің нақты үлгісіне айналды. Мәселен, Алатау ауданындағы Қарасу шағынауданында Бағаналы орда көшесінің бойында жақында ашылған саябақ бүгінде маңайдағы тұрғындардың бас қосатын сүйікті орнына айналды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/1055905?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау