«Халықаралық әуежай Әлия Молдағұлова» АҚ қызметкерлері арасында нұсқаулық және түсіндіру сабақтары өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Чикунгунья вирусы

Қытай Халық Республикасының (ҚХР) Гуандун провинциясында 7716 жағдай лабораториялық түрде расталған. Осыған байланысты Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы (БДСҰ) бұл індеттің кең таралуы мүмкін екенін ескертті.

Чикунгунья вирусы Aedes тұқымдасына жататын масалар арқылы таралады, соның ішінде Мысыр масалары және азиаттық тигр масалары болуы мүмкін. БДСҰ анықтамасына сәйкес, бұл инфекциялық ауру маса шаққаннан кейін 4–8 күн аралығында көрініс береді: дене қызуы көтеріледі, бас ауруы, тізе және басқа буындар ауырады (буындардың ауыруы «балғамен соққандай» сезіледі).

Ауру тек маса арқылы жұғады, бірақ кейбір деректер қан құю және босану жолдары арқылы жұғуы мүмкін екенін де көрсетеді.

Алдын алу шаралары:
• Масалардан қорғану (масақана орнату, репелленттер қолдану);
• Ұзын жеңді киім кию;
• Алғашқы симптомдар пайда болған жағдайда медицина ұйымына жүгіну.

Ақтөбе қаласының санитариялық-карантиндік бақылау мамандары осы ақпаратты негізге ала отырып, АО «Әлия Молдағұлова» халықаралық әуежайы қызметкерлеріне және мемлекеттік бақылау органдары (шекара, кеден) мамандарына дәріс өткізді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/1056382?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version