КОНКУРССЫЗ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

🔻Мемлекеттік қызметке түсуді жеңілдету мақсатында мемлекеттік қызмет туралы заңнамасына енгізілген жаңашылдықтардың бірі – жоғары оқу орындарын мемлекеттік тапсырыс шеңберінде орташа 3,33 GPA мәнімен аяқтаған үздік түлектердің аудан мен ауылдық деңгейдегі төменгі лауазымдарға конкурстан өтпей уәкілетті органның келісімі негізінде тағайындала алуы болып табылады.

🔻Бұл білікті жастарды мемлекеттік қызметке ынталандыру, өңірлердегі кадр тапшылығын шешу үшін қабылданған норма.

🔻Осы ретте, мемлекеттік тапсырыс шеңберінде С.Ж. Асфендияров атындағы қазақ ұлттық медицина университеті түлегі Гадилшиева Айнара Сериковна уәкілетті органның келісімі бойынша Бәйтерек аудандық санитариялық эпидемиологиялық бақылау басқармасының жетекші маманы лауазымына конкурстық іріктеусіз тағайындалды.

🔻Жас маманның жаңа жұмысына сәттілік, еңбегіне табыс тілейміз. Мемлекеттік қызмет жолында үлкен белестер бағындыра берсін.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-zko/press/news/details/1056347?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version