2025 жылғы 25 тамыз күні Шымкент қаласы мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен мәжіліс өтті.
Тұрақты комиссиялардың бірлескен мәжілісіне Шымкент қаласы мәслихатының төрағасы Б. Нарымбетов төрағалық етті.
Депутаттар кезекті жиырма сегізінші сессияның күн тәртібіне енгізілген төмендегі мәселерді талқылады:
1. Абай ауданы әкімінің оған жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы жайлы есебі;
2. Әл-Фараби ауданы әкімінің оған жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы жайлы есебі;
3. Еңбекші ауданы әкімінің оған жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы жайлы есебі;
4. Қаратау ауданы әкімінің оған жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы жайлы есебі;
5. Тұран ауданы әкімінің оған жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы жайлы есебі;
6. Шымкент қаласында білім беру саласында атқарылған жұмыстар және жаңа оқу жылына дайындық барысы туралы;
7. Жылу маусымына дайындық шаралары туралы;
8. «Шымкент қаласы бойынша жерлеудің және зираттарды күтіп ұстау ісін ұйымдастырудың қағидаларын бекіту туралы» 2019 жылғы 27 маусымдағы №51/430-6с Шымкент қаласы мәслихатының шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
9. «Шымкент қаласында ортақ су пайдаланудың қағидаларын белгілеу туралы» 2019 жылғы 29 наурыздағы № 47/382-6с Шымкент қаласы мәслихатының шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
10. Шымкент қаласы мәслихатының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы;
11. Шымкент қаласы мәслихатының кезекті сессиясының өткізілуін жоспарлау туралы.
Мәжіліске аудан әкімдері, басқарма басшылары мен сала мамандары қатысып, күн тәртібіндегі мәселелер бойынша баяндама жасады.
Депутаттар мәселелерді қарап, баяндамашыларға ұсынымдар берді. Күн тәртібіндегі мәселелер сессия қарауына ұсынылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-maslihat/press/news/details/1056448?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау