23 тамызда минералдық-шикізат базасының жай-күйін зерттеу, гидрогеология және қауіпті геологиялық процестер бөлімінің басшысына Айгуль Амиргазиновна Куспекова 60 жасқа толды. Ақжал поселкасы Жарма ауданы Семей (қазіргі Абай) облысында дүниеге келді.
1985 жылы Семей геологиялық барлау техникумын, ал 1993 жылы В. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын «Пайдалы қазбалар кен орнын геология, іздестіру және барлау» мамандығы бойынша аяқтады.
Еңбек жолын Қостанай облысындағы «Севказгеология» ГӨӨ Железорудный барлау экспедициясында техник-геологтан бастап инженер геологқа дейін атқарды.
1999 жылы «Солтүстікқазжерқойнауы» Солтүстік Қазақстан аумақтық жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану басқармасына (Көкшетау қ.) ауыстырылды, бас маманы лауазымынан бастап, минералдық-шикізат базасының жай-күйін зерттеу, гидрогеология және қауіпті геологиялық процестер бөлімінің басшысына дейін көтерілді.
Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының аумағында мемлекеттік геологиялық зерделеу және минералдық-шикізат базасын өндіру салаларында мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға қатысады.
Минералдық-шикізат базасының жай-күйін зерттеу, гидрогеология және қауіпті геологиялық процестер бөлімінің басшысының лауазымын атқару кезінде Солтүстік Қазақстанның минералдық-шикізат базасы жағдайына зерделеу және сараптама жүргізеді. Жер қойнауына мемлекеттік геологиялық зерттеу бойынша жүргізілген жұмыстарға талдау жүргізеді. Барлаумен айналысатын жер қойнауы пайдаланушылардың лицензиялық-келісімшарт талаптарын орындауына және меншік түріне және қаржыландыру көзіне қарамастан геологиялық барлау жұмыстарының әдістемелік нормативтерін орындалуына бақылауды ұйымдастырады.
Айгуль Амиргазиновна – білімді, білікті геолог, Солтүстік Қазақстанның геологиялық барлау қызметінде тәжірбиесі мол.
Геология саласындағы көп жылғы сіңірген еңбегінің нәтижесі ретінде бірнеше алғыстарымен, «Жер қойнауын барлаудың үздігі» төс белгісімен, «Жер қойнауының Құрметті барлаушысы» төс белгісімен марапатталды.
Сізді мерейтойыңызбен құттықтаймыз, зор денсаулық, еңбекте табыс, көп жылдарға игілік және бақыт тілейміз!
Ізгі құрметпен,
«Солтүстікқазжерқойнауы» ӨД ұжымы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/geology-nkn/press/news/details/1056342?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау