Облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай көпбалалы аналарды қабылдады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

22 тамыз күні Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Ақтау қаласы мен Мұнайлы ауданынан келген көпбалалы аналарды қабылдап, олардың өтініш-тілектерін тыңдады.

Кездесу барысында тұрғындар баспана мен жер телімін алу, тұрақты жұмысқа орналасу, білім беру және денсаулық сақтау салаларындағы мәселелерді көтерді. Сонымен қатар, ерекше күтімді қажет ететін балаларға медициналық қызмет көрсетудегі кедергілер, арнайы балабақшалардың жетіспеушілігі де сөз болды. Шағын кәсіпкерлікпен айналысатын аналар да қолдау сұрады. Бұдан бөлек, Отбасы банк пен екінші деңгейлі банктермен жұмыс істеу барысында туындайтын қиындықтар да айтылды.

Облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай көтерілген мәселелердің әрқайсысы назардан тыс қалмайтынын атап өтіп, жауапты басқармаларға оларды заң аясында шешу жолдарын қарастыруды тапсырды.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/1055889?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version