ӨКІЛ «БІЛІМ КЕЛЕШЕГІ: АДАЛ АЗАМАТ, КӘСІБИ МАМАН» АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ ТАМЫЗ КОНФЕРЕНЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қызылорда бойынша өкілі Берікбол Байхожаев «Білім келешегі: адал азамат, кәсіби маман» атты облыстық тамыз конференциясына қатысты.

Аталған конференцияға облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Наурызбай Байқадамов, Руслан Рүстемов, Мұрат Әбенов, Мұрат Ергешбаев, ҚР Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Майра Мелдебекова, құқық қорғау органдарының басшылары мен білім саласының қызметкерлері, еңбек ардагерлері қатысты.

Сонымен қатар, іс-шарада Парламент Сенатының депутаты Наурызбай Сейтқалиұлы, Парламент Мәжілісінің депутаты Мұрат Абдуламитұлы, Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Майра Тұрғанбайқызы, облыстық білім басқармасының басшысы Асқарбек Темірбекұлы, мемлекет және қоғам қайраткері Мұрат Бақтиярұлы, С.Толыбеков атындағы №3 ақпараттық мектеп-лицейінің директоры Ләззат Өтегенқызы, Қызылорда политехникалық жоғары колледжінің директоры Абайбек Талғатұлы сөз сөйледі.

Тамыз конференциясында аймақтағы білім беру саласындағы өзекті мәселелер мен маңызды бастамалар жан-жақты талқыланды. Сондай-ақ, облыс әкімі Нұрлыбек Машбекұлы жас ұрпаққа сапалы білім берудегі, тәрбиелеудегі ұстаздардың ерен еңбегін атап өтіп, атқарылған жұмыстарды баяндады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-kyzylorda-oblysy/press/news/details/1056127?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version