Ағымдағы жылдың 21 тамызында Алға қаласындағы Орталық стадионда аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен “Open Air – ALGA” атты ауқымды концерттік шара өтті. Ашық аспан астында өткен бұл мәдени шара жергілікті тұрғындар мен қала қонақтарына көтеріңкі көңіл күй сыйлап, ерекше әсер қалдырды.
Сахна төрінде ән өнерінде өзіндік орны бар талантты орындаушылар: Ерхан Алданазаров,
Бағдат Балмағамбетова, Естай Бекбергенов, Ақтілек Көшербаев, Венера Исмагилова сынды жергілікті өнерпаздармен қатар, қазақ эстрадасының жарқын жұлдыздары — Ғаділбек Жанай, Арман Жиеналиев және Еркеш Хасен өнер көрсетіп, көрермен қауымға әсем әннен шашу шашты.
Кештің ашылуын аспаптардан төгілген күймен бастаған “Алаш” триосы алаңға жиналған алғалықтарды жігерлендіре білді.
Музыкалық кеш шынайы эмоцияға, жылы жүздесуге және өнердің шексіз қуанышына толы болды. Кештің соңы отшашумен әрленіп, әсерлі кештің әдемі нүктесін қойды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-alga-bestamaq/press/news/details/1056027?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау