Балалардың отпен ойнауы үлкен қауіп төндіреді. Өрттің алдын алу үшін әрбір ата-ана келесі ережелерді есте сақтауы қажет:
- Сіріңке мен тұтатқышты балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.
- Балаларға оттың қауіпті екенін түсіндіріңіз. Ойыншық емес екенін үнемі ескертіп отырыңыз.
- Газ плитасы мен пешті қараусыз қалдырмаңыз. Балалардың өз бетінше қолдануына жол бермеңіз.
- Үйде от жаққанда балаларды қадағалаңыз. Пеш, камин жанында ойнауға тыйым салыңыз.
- Өрт қауіпсіздігі ережелерін үйретіңіз. От шыққан жағдайда 101 нөміріне хабарласуды түсіндіріңіз.
- Электр құралдарын пайдалану кезінде сақ болуға үйретіңіз. Қол тигізбеу керектігін айтыңыз.
- Балалардың тәртібін бақылап отырыңыз. Сыртта от жағу, шөп не қоқыс өртеу сияқты әрекеттеріне жол бермеңіз.
- Үйде алғашқы өрт сөндіргіш құралын ұстаңыз. Қажет болған жағдайда үлкендердің көмегінсіз пайдалануға болмайтынын ескертіңіз.
БҚО ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zko/press/news/details/1056107?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау