Павлодар облысы бойынша Экономикалық терге-тексеру департаменті «Заң және тәртіп» идеологиялық платформасының шеңберінде ұйымдастырылған іс-шараға белсенді қатысты.
Бастаманың негізгі мақсаты – өңір тұрғындарын спортпен тұрақты айналысуға тарту, салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастыру және қазақстандық патриотизмді нығайту.
Департамент қызметкерлерінің қатысуы олардың көлеңкелі экономикамен күреске және әлеуметтік маңызды құндылықтарды ілгерілетуге дайын екендігінің айқын дәлелі болып табылады.
Осындай іс-шаралар қоғамның нығаюына септігін тигізеді және өз денсаулығы мен елдің болашағына деген жауапкершіліктің үлгісі болады.
Павлодар облысы бойынша Экономикалық терге-тексеру департаменті азаматтық белсенділікті дамытуға, халық арасында құқықтық сана қалыптастыруға және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған жобаларды қолдауды жалғастырады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/afm-pavlodar/press/news/details/1056231?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау