Қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау және тасымалдау қызметтерін көрсету туралы жария шарт

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау және тасымалдау қызметтерін көрсету туралы жария шарт

 

Зайсан қаласы                                                                       22 тамыз 2025жыл

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 24 маусымдағы №58 бұйрығымен және Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау және тасымалдау қызметтерін көрсету туралы көрсетуге арналған үлгілік шартқа (бұдан әрі – Шарт) сәйкес әзірленген осы жария шарт (бұдан әрі-Шарт) Зайсан ауданы бойынша қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау және тасымалдау қызметтерін көрсету жөніндегі талаптарды белгілейді (бұдан әрі – Көрсетілетін қызметтер). Бұдан әрі “Қызмет көрсетуші” деп аталатын Зайсан ауданы әкімдігінің «Зайсан» көп салалы коммуналдық мемлекеттік шаруашылық есебіндегі кәсіпорны атынан, БСН 950340001075 03.11.2004 жылғы №118-1917-04-МК заңды тұлғаны мемлекеттік тiркеу (қайта тіркеу) туралы куәлiгі, 12.11.2012 ж. №1-370Қ Зайсан ауданы әкімінің өкімі негiзiнде әрекет ететін директор Айнабеков Е.А., және осы қызметті тұтынатын, бұдан әрі “тұтынушылар”,  бірлесіп “Тараптар” арасында жасалған болып саналады.

1-тарау. Шартта пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

 

  1. «Тұрмыстық қатты қалдықтар» (ТҚҚ) – қатты күйдегі коммуналдық қалдықтар;
  2. «Коммуналдық қалдықтар» – елді мекендерде, оның ішінде адамның өмір сүру әрекеті нәтижесінде, сондай-ақ құрамы мен түзілу сипаты жағынан оларға ұқсас өндіріс қалдықтары;
  3. «Сұйық қалдықтар» – сұйық күйдегі кез келген қалдықтар;
  4. «Ірі көлемді қоқыс» – тұтыну мен шаруашылық қызметінен пайда болған (тұрмыстық техника, жиһаз және т.б.), тұтынушылық қасиеттерін жоғалтқан және өлшемдері бойынша арнайы қоқыс шығару көліктерімен тасымалдауға келмейтін қалдықтар;
  5. «Қоқыс шығаратын ұйым» – коммуналдық қалдықтарды арнайы көлікпен шығаратын ұйым;
  6. «Құрылыс қалдығы» – ғимараттар немесе құрылыстарды, не олардың жекелеген конструкциялық элементтерін бөлшектеу (демонтаж) барысында, сондай-ақ құрылыс-монтаж және жөндеу-құрылыс жұмыстары кезінде пайда болған қоқыс;
  7. «Тариф» – ТҚҚ-ның бір текше метрін (м³) жинау орындарынан қайта өңдеу, орналастыру (көмiу), сақтау орындарына шығару құны;
  8. «ТҚҚ шығару қызметінің төлем мөлшері» – Зайсан аудандық мәслихатының шешіміне қоса берілген қосымшаға сәйкес тариф бекітілген;
  9. «Контейнер алаңы (қоқыс жинау орны)» – жайлы және жайлы емес үйлерде, әкімшілік ғимараттарда (соның ішінде тұрғын емес үй-жайларда) орналасқан үй-жайлардың меншік иелері/жалға алушылары үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға арналған ортақ орын (Қалдықтарды орталықтандырылған жинау жүйесінің бөлігі).

 

  • Тарау. Шарттың мәні

 

  1. Осы Шарттың мәні – Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 9 қыркүйек №555 Қаулысымен бекітілген Қызмет көрсетушінің тұрмыстық қатты қалдықтарды (ТҚҚ) жинау және тасымалдау (бұдан әрі – Қызметтер) бойынша ақылы қызметтер көрсетуі және Тұтынушының (Пайдаланушының) осы Қызметтер үшін Шарт талаптарына сәйкес ақы төлеуі болып табылады.
  2. Қызмет көрсетуші Зайсан ауданы тұрмыстық қатты қалдықтарды (ҚТҚ) жинау, шығару және тасымалдау қызметтерін көрсетеді.

3-Тарау. Қызмет көрсету тәртібі 

  1. Қызмет көрсетулер бекітілген кесте мен маршруттар бойынша жүзеге асырылады.
  2. Қалдықтар арнайы белгіленген орындарға қойылуы тиіс.

 

4-Тарау. Төлем тәртібі 

  1. Қызмет құны жергілікті атқарушы органмен бекітілген тарифке сәйкес айқындалады.
  2. Төлем әр айдың 25-іне дейін жүргізілуі тиіс.

 

5-Тарау. Тараптардың құқықтары мен міндеттері 

  1. 1. Тұтынушының құқығы мен міндеттері

1.1. Тұтынушы құқылы:

1.1.1. Санитарлық талаптарға сәйкес ҚТҚ-ны жинауға, пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар, қалдықтарды қолдану, залалсыздандыру, тасымалдау, сақтау және көму өндіріліуне және тұтынуына, бекітілген кестелерге сәйкес ҚТҚ уақытылы шығарылуына;
1.1.2. Тарифтерді және қызметтерге төлеу мөлшерін қолдану туралы ақпарат алуға;
1.1.3. Белгіленген мерзімде қызметтерді көрсетуде қызмет көрсетушімен анықталған кемшіліктерді жоюға;

1.1.4. Қазақстан Республикасының әрекет етуші заңнамасымен анықталатын, көлемі мен тәртібінде қызмет көрсетушінің кінәсінен Қызмет көрсетудегі кемшіліктер салдарынан денсаулығына және/немесе мүлкіне келтірілген шығындар мен зиянды толық көлемде өтеуге;
1.1.5. Оның құқығы бұзылған жағдайда Қазақстан Республикасы қолданыстағы заңнамасына сәйкес сот арқылы қорғануына.

1.2. Тұтынушы міндетті:

1.2.1. ҚТҚ шығару бойынша қызмет көрсетушінің қызметтерін осы шартта белгіленген мерзімде және толық көлемде төлеуге;
1.2.2. «ҚТҚ әкету» қызметіне ақы төлеу мөлшерін қайта есептеуге әкеп соғатын кез келген өзгерістер, соның ішінде тұрғын үй-жайда (пәтер, үй және т. б.) тұратын адамдардың саны өзгерген жағдайда қызметті көрсетушіге келу тәртібімен ақпаратты уақытылы ұсыну;
1.2.3. Қызметті көрсетуші өкіліне тұрғын үйде тұратындардың нақты санын анықтау қажетті қолжетімділікті қамтамасыз ету;
1.2.4. Жылжымайтын мүлікпен азаматтық құқықтық шарт жасалған жағдайда тұрғын үй-жайдан шығу күніне дейін немесе жалға берілетін тұрғын үйден шыққан жағдайда қызмет көрсетушімен толық өзара есеп айырысу жүргізу;
1.2.5. Пайда болған қатты тұрмыстық қалдықтарды контейнерлік алаңдарға жинау;
1.2.6. Сұйық қалдықтардың төгуін, құрылыс қоқысын, топырақ, ірі габаритті жүктерді, металл сынығын, ағаштар кесіктерін, бұталарды, жапырақтарды, бұтақтарды қоқыс жинағышқа тасталуын болдырмау;
1.2.7. ҚТҚ және басқа қоқыстардың ол үшін белгіленбеген орындарда (контейнерлік алаңдардан басқа) қаттап сақталуына, сондай ақ контейнерлерде, аулаларда, көшелерде оларды жерге көмуге, жағуға жол бермеу;
1.2.8. Сақталуды қамтамасыз ету мақсатында қоқыс жинағыштарға және контейнерлік алаңдарға ұқыпты қарау;

1.2.9. Мамандандырылған техникаға контейнерлік алаңдарға кедергісіз қол жеткізуді қамтамасыз ету;

1.2.10. Қазақстан Республикасының әрекет етуші заңнамасында және осы шартта көзделген өзге міндеттемелерді орындау.

  1. Қызметті көрсетушінің құқықтары мен міндеттері

4.1. Қызмет көрсетуші құқылы:

4.1.1. Тұтынушыдан уақытылы және толық көлемде қызметтер үшін төлем алуға және төлеу мерзімдерін бұзған жағдайда шартта қарастырылған шараларды қолдану;

4.1.2. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, тұтынушыға шарт бойынша көрсетілген қызметтерге қызмет көрсетуші өз мүліктік мүдделерін қорғау үшін тұтынушыдан қарыз сомасы мен есептелген айыппұл санкцияларын мәжбүрлі өтеу арқылы;
4.1.3. Заңнамада белгіленген көрсетілетін қызметтердің тарифтерін және Келісім-шарттың 3.2.2-тармақта көрсетілген мән-жайларын анықтау кезінде «ҚТҚ әкету» қызметіне ақы төлеу мөлшерін тәртіппен өзгертуге.

4.2. Қызмет көрсетуші міндеті:

4.2.1. Мемлекеттік санитариялық эпидемиологиялық қадағалау басқармасымен келісілген өзіне бекітілген учаскелерді Қзақстан Республикасының нормативтік актілеріне сәйкес ҚТҚ жоспарлы-реттік тазартуын кестеге сәйкес жүргізуге;

4.2.2. Контейнерден қоқыс тиеу кезінде төгілген қоқысты жинауды жүргізу;
4.2.3. Қозғалыс схемасына және пайдалану өзгерген жағдайда маршруттық кестелерді құру және түзетуге;

4.2.4. Контейнерлерді сақтау мақсатында ҚТҚ тиеу кезінде жабдықтарға ұқыптылықпен қарау;

4.2.5. ҚТҚ әкету үшін ақы бірыңғай есеп айырысу орталығы (БЕАО) арқылы қызмет көрсетілген айдан кейінгі келесі айдың 15-күніне дейін тұтынушыға төлемдерді төлеуге құжаттарды ұсыну;

4.2.6. Адамдардың тұратын саны туралы мәліметтерге сәйкес қызмет көрсеткені үшін төлемдерді есептеу;

4.2.7. Тұтынушыны ҚТҚ шығаруға қызметтер мен тарифтердің өзгеруі, сондай-ақ, ҚТҚ шығару шарттарының өзгеруі жөнінде оларды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау жолымен қолданысқа енгізгенге дейін 10 (он) күнтізбелік күннен кешіктірмей ақпараттандыру;
4.2.8. Қазақстан Республикасының Заңнамасымен және шартқа сәйкес өзге міндеттемелерді орындау.

 

6-тарау. Жалпы ережелер және дауларды шешу

  1. Шарттың қандай да бір ережесі бойынша немесе тұтастай алғанда, немесе Шарттың ережелеріне қатысты қандай да бір мәселеге немесе іс-әрекетке байланысты туындаған қандай да бір дау немесе келіспеушілік жағдайында Тараптардың кез келгені екінші тарапқа даудың мәнін толық баяндай отырып, наразылық жолдауға құқылы.
  2. Келісімге қол жеткізілмеген жағдайда Шарт бойынша барлық даулар мен келіспеушіліктер жуапкердің орналасқан жері бойынша соттарда шешіледі. Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайларда Шартты бұзуға құқылы.
  3. Тараптардың Шарттан туындайтын және онымен реттелмеген қатынастары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
  4. Шарт екі данада қазақ және орыс тілдерінде әрбір Тарап үшін бір данадан жасалады.
  5. Тараптардың келісімі бойынша Шарт Үлгілік шартқа және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін басқа да талаптармен толықтырылуы мүмкін.

 

7- тарау. Шарттың қолданылу мерзімі

  1. Шарт 20_ жылғы “__” сағат 00:00-ден (Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша) бастап күшiне енедi және 20___ жылғы “__” сағат 24:00-ге дейiн қолданылады.
  2. Шарттың қолданылу мерзiмi, егер Шарттың қолданылу мерзiмi аяқталғанға дейiн күнтізбелік отыз күн бұрын тараптардың бipeуi бұл туралы мәлiмдесе, көрсетілетін қызметтерді ұсыну көлемiн нақтылай отырып, белгiлi бiр мерзiмге ұзартылады. Шарттың мерзімін ұзарту Шартқа қосымша келiсiммен ресiмделедi. Тараптардың бірінің мерзім аяқталғаннан кейін шартты тоқтату немесе өзгерту туралы өтініші болмаған жағдайда, ол шартта көзделген мерзімге және шарттарда ұзартылған болып есептеледі.

 

7-тарау. Тараптардың деректемелерi

Қызмет атқарушы:

Зайсан ауданы әкімдігінің «Зайсан» көпсалалы коммуналдық мемлекеттік шаруашылық жүргізу есебіндегі кәсіпорны ШҚО, Зайсан ауданы, Зайсан қаласы, Бөгенбай көшесі №78,

Тел:8(72340) 21-338

БСН 950340001075

ЖСК KZ508560000000377102     

БСК KCJBKZKX

«Банк Центр Кредит» АҚ

Кбе 16

zaysan-voda@mail.ru

 

Директор                            Е.А.Айнабеков

 

 

 

Осы Шарт қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау және тасымалдау қызметтері бойынша шарттарының Үлгі Шартына сәйкестендіріліп жасалынған, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 24 маусымдағы № 58 бұйрығы.

 

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-zaysan/press/news/details/1055910?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version