Қазақстан Республикасы азаматтарының назарына

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Вьетнамдық және халықаралық метеорологиялық қызметтердің деректеріне сәйкес, Вьетнамның орталық жағалауына Kajiki тайфуны жақындап келеді. Желдің жылдамдығы сағатына 180 км дейін жетеді. Ел билігі 586 мыңнан астам адамды эвакуациялауда, Thanh Hoa және Quang Binh провинцияларындағы әуежайлар жабылды, теңіз тасымалы уақытша тоқтатылды. Thanh Hoa, Nghe An, Quang Tri, Hue және Da Nang провинцияларында нөсер жауын, су тасқыны мен көшкін күтілуде.

Қазақстан Республикасы азаматтарының зардап шеккендігі туралы ақпарат түскен жоқ, Елшілікке де әзірге ешбір өтініш келіп түспеді.

Елшілік ресми сайт пен Facebook (https://www.facebook.com/Embassy.of.Kazakhstan.in.Vietnam/) парақшасында қауіпсіздік жөнінде нұсқаулар жариялады.

Шұғыл байланыс деректері: +84 96 579 7227, hanoi@mfa.kz .

Тәулік бойы жағдайды бақылау ұйымдастырылды, жергілікті құзырлы органдармен байланыс орнатылған.

Алдағы күндері көлік қозғалысы мен электрмен жабдықтауда үзілістер болуы ықтимал, бұл азаматтарға қызмет көрсетуді қиындатуы мүмкін.

 

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-hanoi/press/news/details/1055947?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version