БҮГІН, 25 тамызда, Қарағанды облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті, “Ұлттық сараптама орталығы” Қарағанды облыстық филиалының ұжымдары Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарымен кездесті.
Кездесуге Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Асхат Аймағамбетов, Құдайберген Бексұлтанов, Арман Қалықов және Қарағанды облыстық мәслихатының депутаты Қадиша Оспанова қатысты.
Кездесу барысында мәжіліс депутаттары мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын объектілерді тексеруге қатысты Кодекстер мен заңға тәуелді актілерге енгізілетін түзетулер, балаларға тамақтану, тұру, білім беру, сауықтыру және медициналық көмек көрсету мәселелерін талқылады.
Сондай-ақ, депутаттармен санитариялық қызмет мамандарының проблемалық мәселелері мен оларды шешу бойынша ұсыныстары да талқыланды. Департамент өкілдері ең өзекті мәселелердің бірі қызметкерлердің жалақысын көтеру, облысымыздың ауылдық өңірлеріне баратын жас мамандардың әлеуметтік кепілдіктерін қарау, “ҰЭО” Қарағанды облыстық филиалының зертханаларын материалдық-техникалық жарақтандыру екенін баса атап өтті.
– Мен өңірдің санитариялық қызметінің негізгі проблемалық мәселелерімен таныспын, олар өз шешімін табуы тиіс, – деп атап өтті А.Аймағамбетов.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-karaganda/press/news/details/1056359?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау