Қазақстан Республикасының Конституциясының 30 жылдығына арналған медиажоспарға сәйкес, облыстық Адвокаттар алқасының алаңында Атырау облысы Әділет департаменті басшысының міндетін атқарушы Г.У.Кыстаубаеваның, нотариустар, адвокаттар мен жеке сот орындаушыларының қатысуымен «Тегін заң көмегін көрсету бойынша ашық есік күні» акциясы ұйымдастырылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ағымдағы жылдың 15 тамыз күні Қазақстан Республикасының Конституциясының 30 жылдығына арналған медиажоспарға сәйкес, облыстық Адвокаттар алқасының алаңында Атырау облысы Әділет департаменті басшысының міндетін атқарушы Г.У.Кыстаубаеваның, нотариустар, адвокаттар мен жеке сот орындаушыларының қатысуымен «Тегін заң көмегін көрсету бойынша ашық есік күні» акциясы ұйымдастырылды.
Шараның басты мақсаты – азаматтарға тегін заңгерлік көмек көрсету арқылы құқықтық қолдау, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыра отырып, заң төңірегіндегі сұрақтарына жауап беру.
Акция барысында азаматтар баланың әкелік тегіне, пәтер иелерінің кооперативі қызметіне қатысты, мұралық іс және сыйлау шарты, еңбек дауы, сондай-ақ сот шешімінің орындалуы туралы сауалдарымен жүгініп, қолданыстағы заңнамаға сәйкес түсініктер алды.
Шара нәтижесінде құқықтық мәдениет пен сананы дамыту, әділеттілік сезімін арттыру және азаматтар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру мақсаттары жүзеге асырылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-atr/press/news/details/1056173?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version