Қазақстанда 24,4 млн тонна мал азығы дайындалды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Өңірлерде алдағы қыс маусымына арналған мал азығын дайындау жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
Ең жоғары қарқын бірқатар облыстарда байқалады.

Атап айтқанда, Солтүстік Қазақстан облысында жоспар 115%-ға орындалды, Ақмола облысы мен Шымкент қаласында – 100%, Қостанай облысында – 99%, Жетісу облысында – 98,7%, Алматы облысында – 92,6%, Павлодар облысында – 91,1%.

20,8 млн тонна шөп (жоспардың 85,1%-ы), 1,7 млн тонна сүрлемшөп (99,2%), 749,7 мың тонна құнарлы жем (13,4%), 1,4 млн тонна сабан (31,0%) дайындалды.

Жалпы 2025–2026 жылғы қыстауға 24,5 млн тонна шөп, 1,7 млн тонна сүрлемшөп, 4,6 млн тонна сабан, 5,6 млн тонна құнарлы жем және 2 млн тонна сүрлем дайындау жоспарланған.

Мал азығымен қамтамасыз ету жағдайы тұрақты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/1056104?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version