2025 жылдың 22 тамызы Қордай ауданында Тараз қалалық және аудандық әскерге шақыру комиссияларының қызметін талдау және бағалау жөніндегі ведомствоаралық жұмысшы тобының жиналысы өтті. Жиналысқа жұмыс тобының жетекшісі, Жамбыл облысы әкімдігінің жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасының (бұдан әрі – Басқарма) басшысы Байболат Ерлан Бейсенұлы, аудан әкімінің орынбасары, құқық қорғау органдарының өкілдері, бөлім басшылары мен ауылдық округтердің әкімдері қатысты.
Күн тәртібіндегі негізгі мәселе – 2025 жылдың көктемгі мерзімді әскерге шақыру қорытындылары мен күзгі мерзімді әскерге шақыру жұмыстарының дайындық барысы болды. Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша аудан әкімінің орынбасары Сүгірбай Дамира Маратқызы және Қордай ауданының Қорғаныс істер жөніндегі бөлімінің бастығы Даминов Ғалмат Тұрдахметұлы баяндамаларын жасады. Жиналыста Қордай ауданына берілген жасақ саны 183 адамды құрап жасақ саны толығымен орындалғаны атап өтілді. Күзгі мерзімді әскерге шақыру науқанына дайындық барысы Басқарма басшысы тарапынан ерекше атап өтіліп, әскерге шақырушыларды зерделеу жұмыстарын сапалы орындалуын қамтамасыз ету бойынша бірқатар тапсырмалар берілді.
Басқарма басшысы Жамбыл облысы әкімінің 2025 жылғы 21 ақпандағы
№19-ө өкімімен бекітілген әскерге шақыру пункттерін қалпына келтіру және қажетті жабдықтау жұмыстарын жүргізу бойынша жол картасының (бұдан әрі – жол карта) маңыздылығын ерекше атап өтті. Қордай ауданының әскерге шақыру пункті ғимаратына жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес жөндеу жұмыстары жол картада көрсетілген мерзімге сәйкес сапалы орындалуын қамтамасыз ету бойынша жауапты мамандарға тапсырылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-mobtraining/press/news/details/1056215?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау