Зайсан аудандық мәслихатының
кейбір шешімдерінің күші
жойылды деп тану туралы
шешім жобасы
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 30 мамырдағы «Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру қағидаларын бекіту туралы» №187 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 30 мамырда №36186 болып тіркелді) сәйкес, Зайсан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: 1. Күші жойылды деп танылсын: 1) «Зайсан ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері және оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» Зайсан аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 маусымдағы №24/9-VIII шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №9045-16 болып тіркелген); 2) «Зайсан аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 маусымдағы №24/9-VIII «Зайсан ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық мәслихатының 2025 жылғы 28 наурыздағы № 32/18-VIII шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №9161-16 болып тіркелген). 2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Зайсан аудандық
мәслихатының төрағасы Е.Загипаров
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zaysanmaslikhat/press/news/details/1056037?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау