Риддер қаласында ХҚКО азаматтарға алдын ала электрондық жазылу арқылы қызмет көрсететін болады.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Риддер қаласында ХҚКО азаматтарға алдын ала электрондық жазылу арқылы қызмет көрсететін болады.

1 қыркүйектен бастап Риддер қаласындағы Халыққа қызмет көрсету орталығы алдын ала электрондық жазылу тәртібімен жұмыс істейді. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының ШҚО бойынша филиалы хабарлайды.

Енді Риддер қаласының тұрғындары ХҚКО-ға бару үшін өзіне ыңғайлы уақытты «ХҚКО» мобильді қосымша арқылы алдын ала брондай алады. Қызмет көрсетудің бұл форматы кезекте күту уақытын қысқартып, ыңғайлы жағдай жасап, мемлекеттік қызметтердің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Айта кету керек, азаматтар бұрыңғыдай кеңес алу немесе дайын құжаттарын жазылусыз ала алады.

ХҚКО жұмыс уақыты бұрынғыдай: жұмыс күндері сағат 8:00-ден 17:00-ге дейін. Сенбі және жексенбі – демалыс күндері.

«ХҚКО» мобильді қосымшасы — мемлекеттік қызметтерді орталыққа бармай-ақ алуға мүмкіндік беретін ыңғайлы цифрлық құрал. Қосымшаны App Store және Google Play арқылы жүктеп алуға болады. Оның көмегімен қызмет алушылар тек электронды алдын ала жазылу жасап қана қоймай, онлайн түрде көптеген қызмет түрлерін ала алады. Қосымшада пайдалы хабарламалар, кезең-кезеңімен орындалатын нұсқаулықтар, қызметтер туралы ақпарат, онлайн-кеңес алу мүмкіндігі және басқа да көптеген функциялар қолжетімді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-ridder/press/news/details/1056020?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version