Самар ауданында мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтау мәселелері бойынша жиын өтті.
Іс-шараға ШҚО әкімі аппаратының бас инспектор-заңгері Бахтияр Төлегенұлы және әдеп жөніндегі уәкіл Мира Бекқужина қатысты.
Мира Есенғазықызы аудан мемлекеттік қызметшілеріне кәсіби мінез-құлықтың негізгі қағидаларын, тәртіп пен жауапкершіліктің маңызын еске салды. Сондай-ақ азаматтарға құрметпен қарау, іскерлік стильді сақтау және күнделікті жұмыста кәсіби біліктіліктің жоғары стандарттарын ұстанудың қажеттілігіне назар аударды.
— Біздің міндетіміз — тек заңды орындау ғана емес, сонымен қатар өз қарым-қатынасымыз арқылы халықтың билікке деген сенімін нығайту. Әрбір мемлекеттік қызметші адалдыққа, жауапкершілікке және сыйластыққа негізделген қарым-қатынастың үлгісі болуы қажет, — деді жиынды қорытындылай келе Самар ауданы әкімі аппаратының басшысы, әдеп жөніндегі уәкіл Рауан Жампейісов.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar/press/news/details/1055879?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау