Ағымдағы жылдың тамыз айының 20-21 күндері аралығында Сандықтау ауданы, Сандықтау ауылында «Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы жыл бойы балалар сауықтыру лагері» КММ-де, Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында, Республикалық волонтерлер форумы өткізілді.
Аталған іс-шараға Ақмола облысы ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары – Сабырхан Кенжебаев, «Ұлттық волонтерлік желі» ҮЕҰ директоры – Татьяна Миронюк, «Esbol Qory» жанындағы «Есірткісіз Ақмола» өңірлік фронт-кеңсесінің басшысы – Даниал Жағупар, «Аманат» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» ЖҚ төрағасы – Сұлтанбек Бекишев, облыстың аудан, қалаларының жастар ресурстық орталықтарының өкілдері, өңір белсенділері мен волонтерлер қатысты.
Іс-шараның мақсаты – Волонтерлік қызметті дамытуға тартылған волонтерлердің, ҮЕҰ-ның, мемлекеттік органдардың әлеуетін арттыру, Ақмола облысында волонтерліктің рөлін арттыру болып табылады.
Форум барысында ҰВЖ өкілдерінің және бағыттар бойынша спикерлердің сөз сөйлеуі ұйымдастырылып, концерттік және кешкі бағдарламамен жалғасын тапты. Сонымен қатар, шараның келесі күні «TAZA AQMOLA» экологиялық акциясы өткізілді.
Шара шеңберінде барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-uvp/press/news/details/1055968?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау