ШҚО-да болашақ мектептері салынуда: жайлылық, технология және қауіпсіздік – басты назарда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жаңа оқу жылы Шығыс Қазақстан облысында елеулі өзгерістермен басталмақ. Өңірде заманауи білім беру инфрақұрылымын қалыптастыруға қарқынды инвестиция жасалуда. Жаңа мектептер салынып, цифрлық технологиялар енгізілуде, ал оқушылардың қауіпсіздігі мен жайлылығы енді жай ғана тілек емес, нақты стандартқа айналып отыр. Бұл жөнінде ШҚО Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Білім басқармасы басшысының орынбасары Алима Ақылбек мәлімдеді.

«Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында облыста 3 000 орынға арналған 6 заманауи мектеп салынды. Бұл білім ошақтары инклюзивтілік пен цифрландыру талаптарына сай келетін соңғы технологиялармен жабдықталған. Сонымен қатар, Өскемен қаласындағы Есенберлин көшесінде орналасқан тағы бір мектеп Білім басқармасының балансына беруге дайын тұр.

Бұдан бөлек, Зайсан қаласында 300 орындық жаңа мектеп Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының қаражаты есебінен бой көтерді. Мектептің есігі 1 қыркүйекте оқушыларға айқара ашылады.

Өңірдегі 347 мектептің барлығы интернет желісіне қосылған. Оның ішінде 170 мектепте Starlink жүйесі негізінде пилоттық жоба жүзеге асырылып жатыр. Бұл — білім беру платформалары мен цифрлық ресурстарға тұрақты қолжетімділікті қамтамасыз ететін жаңа шешім.

Барлық мектептерде бейнебақылау жүйелері мен кіруді бақылау жүйелері орнатылған. Сонымен қатар, «Әлеуметтік әмиян» жобасы іске асырылуда — бұл ата-аналарға балалардың ас мәзірін қадағалап, ал жеткізушілерге есептілікті ашық жүргізуге мүмкіндік беретін аппараттық-бағдарламалық кешен. Жаңа оқу жылында мұндай жүйе 108 мектепте жұмысын бастайды, ал 191 мектеп «Бизнес әмиян» мобильді қосымшасына қосылған.

Биыл 488 млн теңгеден астам сомаға 40 заманауи пәндік кабинет (химия, физика, биология, STEM, робототехника) сатып алынды. 2026 жылы тағы 35 жаңа буын кабинетін ашу жоспарланып отыр.

2026 жылға қарай облыста тағы 3 жаңа мектеп салу және 12 мектепті күрделі жаңғырту көзделген. Бұл жұмыстар шағын қалалар мен ауылдардағы 50 білім беру мекемесін қамтитын болады.

2025 жылы өңірдегі 92 білім беру нысанын жөндеуге 2,7 млрд теңге бөлінді. Қазіргі таңда оның бір бөлігі аяқталды, қалғаны жоспарға сай жалғасуда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/1056172?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version