Су сапасын мониторингтеу

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Сумен байланысты инфекциялық және инфекциялық емес аурулардың алдын алу, уланудың және инфекциялық, паразиттік және кәсіптік аурулардың өршуінің алдын алу мақсатында Қарағанды бөлімшелік көліктегі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары «Вагон-сервис» АҚ Жолаушылар вагондарын жөндеу жөніндегі Ақмола филиалының Қарағанды телімі Қарағанды-жолаушылар станциясында перронды сумен жабдықтауынан микробиологиялық және санитарлық-химиялық зерттеулерге су сынамаларын алу жолымен санитариялық – эпидемиологиялық мониторингі жүргізілді. Іріктелген су сынамалары одан әрі жұмыс істеу үшін «Қарағанды облысы бойынша Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК филиалына жеткізілді.
Сонымен қатар, көлік қызметкерлері арасында 2025 жылға арналған санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылық мәселелері бойынша санитарлық-ағарту жұмысының кестесіне сәйкес Вагон-сервис қызметкерлері арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары өткізілді. Оның барысында жолаушылар вагондарын сумен жабдықтауға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар, жіті ішек инфекцияларының алдын алу, жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алу мәселелері түсіндірілді. Қатысушыларға жадынамалар мен буклеттер түрінде ақпараттық материалдар ұсынылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/1056356?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version