Табысқа жол: Ақтөбеде жас кәсіпкерлердің тәжірибесі мен мемлекеттік қолдау тетіктері таныстырылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін Ақтөбе қаласында «Халықтық кеңсе» аумағында орналасқан «JumysTAP» модульдік пунктінде Конституция күніне орай «Connect campus: табысты кәсіпкерлер тәжірибесі» тақырыбында кәсіпкерлер жәрмеңкесі өтті.

Іс-шараны Ақтөбе облысының Жастар саясаты мәселелері басқармасының тапсырысы аясында PROF CONTACT қоғамдық бірлестігі және «Ақтөбе облысы бойынша еңбек мобильдігі орталығы» КММ-нің «Ақтөбе қаласының мансап орталығы» филиалы бірлесіп ұйымдастырды.

Жәрмеңкенің мақсаты – жастарды кәсіпкерлікке ынталандыру, мемлекеттік бағдарламалар арқылы берілетін қолдау түрлерін таныстыру және табысты кәсіпкерлердің тәжірибесін кеңінен тарату.

Іс-шара барысында Ақтөбе облысының Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Әлімбек Тұралиев мемлекет тарапынан жастарға көрсетіліп жатқан қолдау бағыттарына тоқталып өтті.

Жәрмеңке аясында үш негізгі бағыт қамтылды:
 
«Кәсіп бастау жолындағы тәжірибе» атты ашық диалог алаңында мемлекеттік қолдау арқылы кәсібін сәтті бастаған кәсіпкерлер өз тәжірибелерімен бөлісті.

«JumysTAP» модульдік пунктінде жұмыс істейтін консультанттар қатысушыларға жастар практикасы, әлеуметтік қолдау, мемлекеттік гранттар, қысқа мерзімді курстар мен тұрғын үй бағдарламалары бойынша кеңес берді.
 
Модульдік пункт маңында ұйымдастырылған шағын жәрмеңкеде мемлкеттік грант арқылы кәсібін бастаған жастар өз өнімдерін ұсынды. Бұл көрме кәсіпкерліктің нақты нәтижесін көрсетіп, жастарға шабыт сыйлады.

Айта кетейік, мұндай жәрмеңкелер жастардың кәсіби бағдарын айқындап, еңбек нарығындағы мүмкіндіктерді кеңінен таныстыруға бағытталған. Іс-шараға қатысқан жастар табысты кәсіпкерлердің тәжірибесінен шабыт алып, мемлекеттік қолдау тетіктері жөнінде толық мағлұмат алды.

«Connect campus» жобасы алдағы уақытта да жалғасын тауып, жастарға өз арманын жүзеге асыруға, жаңа идеяларын дамытуға жол ашатын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-zhastar1/press/news/details/1055919?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version