🏅 Тамыз конференциясында кәсіподақ ұйымы атынан марапаттар табысталды
Абай облысы Семей қаласының кәсіподақ ұйымының төрағасы Ербол Асемканович Мусабеков білім саласында әлеуметтік әріптестікті дамытуға қосқан үлесі үшін педагогикалық қауымдастық өкілдерін марапаттады.
✅ «Әлеуметтік әріптестікті дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталғандар:
• Тараник Евгения Ювинальевна – «№14 мектеп-бақша» КММ директоры;
• Идрисов Ахат Несипханович – «Ахмет Байтұрсынов атындағы №47 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ директоры;
• Курмангалиева Бакытгул Кадылбековна – «№8 жалпы орта білім беретін көркемдік-эстетикалық мектеп-кешені» КММ директоры.
✅ «Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталғандар:
• Каупбаева Айжан Камальбековна – «№42 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ кәсіподақ комитетінің төрайымы;
• Сулейменова Рамзия Слямовна – «№4 арнайы мектеп-интернаты» КММ кәсіподақ комитетінің төрайымы.
👏 Марапат иелерін құттықтаймыз! Білім беру саласындағы әлеуметтік әріптестік пен кәсіподақ қызметін дамытуға қосқан үлестеріңіз ерекше құрметке лайық!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bilim-semey/press/news/details/1056515?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау