ТЕРРОРИСТІК ТҰРҒЫДАН ОСАЛ ОБЬЕКТІЛЕР БОЙЫНША ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
Түркістан облысы Терроризмге қарсы комиссиясы аппаратының ұйымдастыруымен жиын өтті. Онда өңірдегі обьектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыруда қойылатын талаптар мен іс-қимылдардың барысы туралы кеңінен талқыланды. Мәдениет және өнер мекемелерінің басшылары, сонымен қатар Zoom платформасы арқылы аудан, қаладағы мәдениет ошақтарының басшылық құрамы қатысты.
 
Аталған іс-шарада облыстық Терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі тобының өкілі, Түркістан облысы ҰҚКД өкілі, Түркістан облысы Полиция департаментінің өкілі, Түркістан облысы Төтенше жағдай басқармасының өкілі тарапынан баяндама жасалды. Негізгі мақсат – терроризм актісінің қаупі туындаған жағдайдағы мекеме субъектілерінің алдын алу іс-қимыл әрекеттерін және қауіпсіздік шараларын жетілдіру мен обьектіге қойылатын талаптарды түсіндіру.
 
Жиын барысында террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыруға қойылатын талаптарды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 мамырдағы №305 қаулысына сәйкес, обьектілерге қойылатын негізгі талаптар талқыланып, нұсқаулықтағы террористік актілердің алдын алу және сақтық шаралары туралы кеңінен түсіндірілді.
 
Алдағы уақытта аталған нұсқаулықта көрсетілген іс-шараларды діни қызметкерлерарасында практикалық тәжірибе ретінде оқу-жаттығу өткізу қажеттігі айтылды. Сондай-ақ діни бірлестік басшылары мен персоналының қауіпсіздік іс-әрекет ережелерін білудің маңыздылығы мен ішкі істер органдарының «102» нөміріне және «112» бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызметіне хабарлау, эвакуация жасау, алғашқы көмек көрсету, адам шығынын болдырмау, терроризм актісі орын алған кездегі алғашқы жасалатын іс-әрекеттер жөнінде бейнефильм көрсетіліп, құзырлы органдардың өкілдерімен сұрақ-жауап ұйымдастырылды.
 
Түркістан облысы мәдениет басқармасының баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-madeniet/press/news/details/1056031?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version