Түркістан облысының елді мекендері терроризмге қарсы ақпараттық түсіндіру жұмыстарымен қамтылуда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Келес ауданы Бозай ауылдық округінің тұрғындарына ақпараттық-насихаттық түсіндіру шаралары өткізілді.
Кездесуге Келес аудандық Терроризмге қарсы комиссиясының және аудандық ақпараттық насихаттық тобының мүшелері, ішкі саясат бөлімінің қызметкерлері қатыстырылды.
Іс-шараның басты мақсаты – ауыл тұрғындары арасында терроризм мен діни экстремизмнің алдын алу шараларын насихаттау, олардың қоғамға тигізетін қауіпті салдарларын түсіндіру және ұлттық салт-дәстүрлерді дәріптеу арқылы патриоттық сезім мен бірлікті нығайту болып табылады.
Кездесу барысында ата-баба мұрасын сақтау, ұлттық салт-дәстүрлерді дәріптеу, тіл мен дінді, тарих пен мәдениетті қастерлеудің терроризм мен экстремизмге қарсы рухани қалқан болатыны баса айтылды.
Ұрпақ тәрбиесінде ұлттық дәстүрдің орны, жас буынды отансүйгіштікке баулудағы маңызы түсіндірілді.
Ұйымдастырушылар өз сөздерінде, «Дәстүрін қастерлеген, мәдениетті ұлықтаған, ұлттық бірегейлігін сақтаған қоғамда жат идеологияға орын жоқ» деп атап өтті.
Сонымен қатар, қатысушыларға күдікті жағдай туындаған кезде әрекет ету ережелері түсіндірілді.
Қатысушыларға тақырыпқа байланысты бейнематериалдар көрсетіліп, ақпараттық жадынамалар таратылды.
Іс-шара соңында қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, нақты жауаптар берілді.
Кездесуге барлығы 50-ге жуық азаматтар қатысты.

Материал Түркістан облысы бойынша ТҚК аппаратының ақпараты негізінде дайындалды

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/antiterrosticheskiy-centr/press/news/details/1056374?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version