ТҮРКІСТАНДА ЖОЛ БЕЛГІЛЕРІ ЖАҢАРТЫЛУДА

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Жол қозғалысы қауіпсіздігі мен жаңа оқу жылы қарсаңында мектеп жасындағы балалардың қауіпсіздігін күшейту мақсатында қала аумағындағы жалпы білім беру мекемелерінің маңында арнайы жол бөлу сызбалары жүргізіліп, жаяу жүргінші өткелдері жаңартылып жатыр.
Жол белгілерін жаңарту оқушылардың мектепке бару және қайту барысында қауіпсіз қозғалуына мүмкіндік беріп, жол-көлік оқиғаларының алдын алуға бағытталған.
Сонымен қатар, жол қозғалысы ережелерін сақтау мәдениетін арттыру мақсатында жаңа түсіндіру және ескерту белгілері орнатылып, жүргізушілер мен тұрғындар арасында профилактикалық үгіт-насихат жұмыстары жүргізілуде.
Айта кетейік, қазіргі таңда Түркістан қаласы аумағында жалпы ұзындығы 845 шақырымды құрайтын 875 көше бар. Осы жолдардың 430,1 шақырымы қанағаттанарлық жағдайда болса, 419,9 шақырымы қиыршық тасты жолдар санатына жатады.
Биылғы жоспар аясында ұзындығы 138,5 шақырымды құрайтын 159 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыстардың нәтижесінде жақсы және қанағатты жағдайдағы жолдардың үлесі 66,7 пайызға дейін артатын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/1055865?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version