Түркияның жетекші экономикалық орталықтарының бірі – Бурса екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға ниетті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бурса, 2025 жылғы 13–14 мамыр – Түркияның өнеркәсібі дамыған өңірлерімен екіжақты өзара іс-қимылды тереңдету аясында елдің төртінші ірі экономикасы саналатын, өндірістік, инвестициялық және экспорттық әлеуеті зор Бурса провинциясына жұмыс сапары өтті.

Сапар барысында Қазақстанның Ыстанбұлдағы Бас консулы Нуриддин Аманқұл Бурса облысының әкімі Эрол Аййылдыз, Бурса облыстық полиция басқармасының бастығы, доктор Сабит Агын Займооллу, Bursa Uludağ University ректоры, профессор, доктор Ферудун Йылмаз, сондай-ақ Bursa Technical University проректоры, профессор, доктор Бейхан Байханмен ресми кездесулер өткізді.

Тараптар сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және білім беру салаларындағы екіжақты ынтымақтастықтың басым бағыттарын талқылады. Айрықша көңіл өңірлік деңгейде өзара іс-қимылды дамытуға және мемлекеттік органдар мен іскерлік құрылымдар арасында тікелей байланыс орнатуға аударылды.

Сонымен қатар, провинцияның жетекші өнеркәсіптік кәсіпорындарының өкілдері – ÜCGE, Harput Tekstil және Durmazlar компанияларымен келіссөздер жүргізілді. Кездесулер барысында инвестиция тарту, өндірістік кооперацияны кеңейту және бірлескен жобаларды жүзеге асырудың болашағы қаралды. Бұл жобаларға сауда жабдықтарын өндіру және логистика (ÜCGE), тоқыма өнеркәсібі (Harput Tekstil), машина жасау және көлік технологиялары (Durmazlar) сияқты салалар енді.

Өткізілген кездесулер экономикалық байланыстарды жандандыруға өзара мүдделілікті растады және екіжақты қатынастарды нығайту жолындағы маңызды қадам болды. Бұл өз кезегінде тұрақты әрі өзара тиімді әріптестік үшін жаңа көкжиектер ашты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-istanbul/press/news/details/1056161?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version