Жетісу облыстық мәслихатының индустриялды-инновациялық, көліктік-логистикалық даму, кіші және орта бизнесті қолдау, туризм мәселелері бойынша тұрақты комиссиясының отырысы өтті.
Жиыда облысымыздағы туризм саласын дамыту бойынша атқарылған жұмыстар және өзекті мәселелері мен оларды шешу жолдары қарастырылды.
Аталған мәселе бойынша тиісті басқарма басшылары баяндама жасап, бүгінгі күнге дейін атқарылған жұмыстар мен проблемалық мәселелерді көтерді.
Ең алдымен облыстық кәсіпкерлік және индустриялық- инновациялық даму басқармасының басшысы Серік Сәбетайұлы туризм саласындағы оң өзгерістерге тоқталып өтті. Статистикалық деректер бойынша биылғы жылы өңірімізде 373-тен астам нысан жұмыс жасап тұр. Бұл нысандардың көпшілігі Алакөл және Балқаш көлдері, «Алтын-Емел» және «Жоңғар-Алатау» ұлттық парктері, сондай-ақ Жоңғар Алатауы таулы алқабы сияқты 5 дестинацияның әлеуетіне негізделген. Сонымен қатар, облысымызда туризмді дамыту мақсатында жол және инженерлік инфрақұрылымды жақсарту жұмыстары да қарқынды жүруде. Мысалы, туристер үшін Алакөл көліне көлік қолжетімділігі жақсартылды, атап айтқанда, жолдар мен әуежайдың ұшу-қону жолағын қайта жаңартылды, пойыздар саны ұлғайтылды. Алдағы уақытта яғни, 2025-2027 жылдары Ақши және Көктұм ауылдарында жоғары вольтты электр беру желілерін, кәріз-тазарту құрылыстарын салу және жағалауды нығайту жолымен Алакөл көлінің жағалау инфрақұрылымын дамыту жалғастырылатын болады.
Облысымыздағы туризмді дамыту мақсатында мемлекеттен де едәуір қолдау көрсетілуде. 2024 жылы туристік нысан ашу бойынша 10 өтінім қаралып, кәсіпкерлердің шығыстары өтеліп, субсидияланса, 2025 жылы 7 өтінім түскен. Әкімдіктегі бюджеттік комиссия отырысының қорытындысы бойынша барлық өтінімдер мақұлданды және бюджеттік жоспарлау экономикасы басқармасына бюджеттік өтінімдер жіберілді.
Одан әрі, Алакөл ауданы әкімінің орынбасары Маулен Толеубекұлы туристік аймақтың жағдайын баяндап берді. Айтуынша, Көл жағалауында 320 демалыс аймағы орналасқан 2024 жылы 1 млн 725 мыңнан аса туристке қызмет көрсетілсе, биыл бұл көрсеткіш 8,2 %-ға артып, 1 млн. 868 мың адамды құрады. Түскен қаражат 352,5 млн. теңге. 2025 жылы Алакөл көлінің жағалауында 2,400 млрд. теңге көлеміне 51 жұмыс орнымен 17 нысан іске қосылған.
Туристердің артуына байланысты олардың барынша жайлы демалуы үшін мемлекет жағдай жасауда. Осыған байланысты биыл көл жағасына 220 қоқыс контейнері мен қоқыс жәшігі орнатылды. Ақши ауылына 20 модульдік қоғамдық дәретхана, Көктұма ауылына-4 және 22 биодәретханалар орнатылған.
Демалушылардың қауіпсіздігі де назардан тыс қалмақ емес. Бұл бойынша, көл жағалауына 9 бақылау мұнарасы орнатылып, күнделікті 18 құтқарушы кезекшілік атқарады.
Келесі кезекте Сарқан ауданы әкімінің орынбасары Асқат Мейрамғалиұлы «Балқаш» туристік аймағындағы атқарылған жұмыстар бойынша баяндама жасады. Бүгінде Сарқан ауданы, Лепсы ауылындағы Балқаш көлі жағалауында туристік-рекреациялық демалыс аймағының инженерлік-коммуникациялық желілерін салу жобасы іске асырылуда. Жобаның жалпы құны – 7 285 822,8 мың теңге. Сонымен қатар, Балхаш көлінің коммуналдық жағалауын аббаттандыру бойынша жобалық-сметалық құжаттарын әзірленуде. Жобалық сметалық құжаттарды әзірлеу кезінде автомобиль тұрақтары, кіре-беріс жолдары, коммуналдық мекемелерге қажетті барлық нысандар (медициналық кабинеттер, құтқару бекеттері, полиция бекеті т.с.с.) мен бақылау мұнаралары қарастырылатын болады.
Бүгінгі күні жағажай маңында су көліктерінің жүруі проблемалық мәселе екені мәлім. Осыған байланысты жергілікті полиция департаменті тиісті жұмыстар атқарып келеді. Көл бетіндегі су көліктеріне арналған 2 тұрақтау орыны белгіленген. 2025 жылдың шомылу маусымының басталуынан бастап 322 шағын көлемді су көліктері тіркелген. Аталған су көліктерін бақылау Жетісу облысының көлік бақылау инспекциясының 2 қызметкері мен полиция қызметкерлері тарапынан жүргізілуде. Қазіргі таңда 190 су көліктері тексеріліп, 94 құқық бұзушылықтар анықталып, оларға ҚР ӘҚБтК-нің 582 бабына сәйкес жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар көл жағасындағы белгілеген шомылу белбеуінен асу және суға бату фактілерін болдырмау мақсатында жалпы 9 мұнара қойылып, күнделікті кестеге сәйкес 9:00 мен 17:00 аралығында арнайы құтқарушылар қызмет атқарады.
Тұрақты комиссия отырысында күн тәртібіндегі мәселе толықтай қаралып, таразыланды. Алдағы уақытта жиын хаттамасына сәйкес тиісті жұмыстар атқарылатын болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetisy-maslihat/press/news/details/1056004?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау