“Алтын алқа” және “Күміс алқа” алқалары табысталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

30 тамыз – Конституция күні мерекесінің қарсаңында алтын құрсақты аналарға “Алтын алқа” және “Күміс алқа” алқалары табысталды.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 25 шілдедегі №949 Жарлығына сәйкес, Еңбекші ауданындағы 5 анаға «Алтын алқа», 15 анаға «Күміс алқа» алқалары салтанатты түрде табысталды.

Марапаттау рәсіміне арнайы қатысқан Еңбекші ауданы әкімінің орынбасары Ерлан Миятбекұлы аналарды құттықтап, ыстық лебізін білдіріп, гүл шоқтарын табыстады.

Бүгінде ауданымызда 8 мыңнан астам көпбалалы ана бар. Олардың ішінде 683 ана – «Алтын алқа», ал 2064 ана – «Күміс алқа» иегері.

Анықтама үшін:

Егер сіздің мекенжай тіркеуіңіз (прописка) Еңбекші ауданында болса, «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларын алу үшін қажетті құжаттарды Л. Толстой көшесі, №119 үйде орналасқан аудан әкімінің аппаратына тапсыра аласыз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-enbekshilder/press/news/details/1056960?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version