Ақтөбеде дәстүрлі тамыз конференциясыаясында өңірдегі үздік орта білім беру ұйымдары анықталды. Облыстық «Ең үздікорта білім беру ұйымы» байқауыныңжеңімпаздарына өңір басшысы Асхат Шахаровсалтанатты түрде марапаттар табыстады.
Биыл алты білім ордасы үздік деп танылып, әрқайсысына 11-12 миллион теңге көлеміндегігранттардың сертификаттары берілді. Бұлқаржы оқу орындарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға, білім сапасынарттыруға бағытталмақ.
Жеңімпаз атанған мектептер қатарында:
• Ақтөбе облыстық «Білім-инновация» дарынды жасөспірімдерге арналғанмамандандырылған лицей-интернаты;
• Шалқар ауданы №8 мектеп-гимназиясы;
• Ақтөбе қаласындағы ДінмұхамедҚонаев атындағы мектеп-гимназиясы;
• Алға ауданы Бестамақ ауылының орта мектебі;
• Темір ауданы Шұбарқұдық ауылының№2 орта мектебі;
• Хромтау ауданы Богетсай ауылыныңмектеп-гимназиясы.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/1057242?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау