Күш біріктіре отырып, жастарды радикалданудан қорғаймыз

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қостанайда дін істері, қоғамдық даму, спорт, білім беру басқармалары, Діни проблемаларды зерттеу орталығы, сондай-ақ жоғары оқу орындары өкілдерінің қатысуымен жұмыс кездесуі өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жастар арасында экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша бірлескен іс-қимылдардың кешенді жоспарын әзірлеу.
Талқылау барысында өскелең ұрпақты деструктивті идеологиялар мен радикалды діни ағымдардан қорғаудың стратегиялық маңыздылығына баса назар аударылды. Жастардың бойында тұрақты құндылықтарды қалыптастыру, сыни ойлауды дамыту, сондай-ақ ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының тиімділігін арттыру мәселелері қаралды.
Кездесу қорытындысы бойынша профилактиканың бірыңғай, үйлестірілген жүйесін құру бойынша басым бағыттар айқындалып, шаралар келісілді.
Сындарлы диалог, ведомствоаралық өзара іс-қимыл және күш-жігерді шоғырландырып үйлестіру арқылы ғана қоғамдық қауіпсіздікке нұқсан келтіруге бағытталған идеологияларға қарсы сенімді тосқауыл құруға болады.
Бүгін жүргізіліп жатқан жұмыс ертең жастарға білім, бейбітшілік және жасампаз дамудың пайдасына таңдау жасауға бағытталған.

Материал Қостанай облысы бойынша ТҚК
аппаратының ақпараты негізінде дайындалды

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/antiterrosticheskiy-centr/press/news/details/1057069?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version