Өртке қарсы әрбір қадам – қауіпсіздіктің кепілі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасы аясында Қарасай ауданының прокуратурасы уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, аудан аумағындағы таулы аймақтарда демалушылармен кездесіп, өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Бірлескен түсіндіру жұмыстары барысында азаматтарға орман және тау алқаптарында өрттің алдын алу шаралары түсіндіріліп, қауіпсіздік талаптарын сақтау қажеттілігі ескертілді.

Аудан прокуратурасы өрт салдарының адам өмірі мен табиғатқа тигізетін зардаптары орасан зор екендігі және сақтық шараларын қатаң ұстануға шақырады.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 367-бабына сәйкес, ормандарда өрт қауiпсiздiгi талаптары мен санитариялық қағидаларды сақтамағаны үшін жеке тұлғаларға 100 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл жазасы көзделгенін ескертеді.

#Заң_мен_Тәртіп

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-almaty-obl/press/news/details/1056688?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version