Ақмола облысының полиция қызметкерлері азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді және әрбір өтініш бойынша шаралар қабылдауды жалғастыруда.
Екі күн ішінде департамент құрылымдарына дене жарақатьары туралы үш өтініш келіп түсті.
Мәселен, ағымдағы жылдың 21 тамызында Атбасар аудандық полиция бөліміне 2004 жылы туған жергілікті тұрғын жүгініп, жанжал кезінде бұрынғы танысы оған дене жарақатын салғанын хабарлады.
Сол күні Көкшетау қаласының полиция басқармасына 2001 жылы туған тұрғыннан облыс орталығындағы дәмханалардың бірінің жанында белгісіз біреудің қолынан зардап шеккені туралы арыз келіп түсті.
Тексеріс барысында оған 17 жастағы жергілікті тұрғын дене жарақатын салғаны анықталды.
Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 22 тамызында Көкшетау қаласының ауруханасына ер адам жатқызылды. Алдын ала мәліметтер бойынша, жанжал кезінде көршісі оны жарақаттаған.
Барлық фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулер басталды.
Полиция департаменті агрессияның кез келген көрінісі денсаулыққа ауыр зардаптар әкелуі және қылмыстық жауапкершілікке әкелуі мүмкін екенін ескертеді. Эмоцияны бақылау, бейбіт шешімдер таба білу және жанжал туындаған жағдайда көмек сұрау — қоғамдағы қауіпсіздіктің негізі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-akmola/press/news/details/1057208?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау