Қарғалы ауданы: жаңа жолдар, газдандыру және ауылдарды абаттандыру

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

Аудан әкімі Нұрлыбек Өнербаев биыл аймақта республикалық және жергілікті бюджет қаражаттары есебінен бірқатар құрылыс пен жол жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтып өтті.

Жол құрылысында:

– Петропавл ауылындағы Қарғалы және Абай көшелері күрделі жөндеуден өтіп, пайдалануға берілді (2,9 шақырым);

– Ш.Қалдаяқов ауылындағы Әбілқайыр хан көшесінде ұзындығы 1,3 шақырым жаңа жол құрылысы жүргізілуде;

– Қайрақты ауылына кіреберіс 1,5 шақырым жолға орташа жөндеу жұмыстары атқарылуда;

– «Дөң – Бадамша – Қайрақты» бағытындағы аудандық маңызы бар 8 шақырым жол орташа жөнделіп, асфальт төселіп, жол жиегі мен белгілер орнатылуда.

Газдандыру:

Ауданның 8 ауылдық округінің 7-еуі газға қосылған. Халықтың 95%-ы табиғи газбен қамтылған. Жақында Велиховка ауылына көгілдір отын келді, 60 үй, 170 тұрғын табиғи газға қосылды. Жоба құны – 665,1 млн теңге.

Тұрғын үй:

Республикалық облигация есебінен аудан бойынша 32 тұрғын үй сатып алу жоспарланып отыр. Бұл тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар санын азайтуға ықпал етеді.

Жергілікті бюджет есебінен:

– Кемпірсай ауылындағы Орталық көшеге орташа жөндеу (33 млн тг);

– Бадамша ауылында кәріз жүйесін жаңарту (8,8 млн тг), су құбырларын жаңарту (8,1 млн тг);

– Ш.Қалдаяқов ауылында сумен жабдықтау жүйесін жаңарту (6,5 млн тг) және көшелерді жарықтандыру (1,0 млн тг);

– Ащылысай ауылында су құбырын жаңарту (3,1 млн тг);

– Бөзтөбе ауылында газ құбыры тартылуда (9,0 млн тг);

– Қосестек ауылында көпірлерді жөндеу (13,0 млн тг);

Сонымен қатар, Ащылысай, Жосалы, Петропавл ауылдарында көшелерді жарықтандыру жұмыстары қарқынды.

Экология:

«Таза Қазақстан» акциясы аясында аудан тұрғындарының қатысуымен сенбіліктер ұйымдастырылып, аудан орталығының кіре берісіне 2000 түп ағаш отырғызылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/1057029?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version