Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 8 қыркүйекте Парламенттің қос палатасының бірлескен отырысында халыққа жыл сайынғы Жолдауын жариялайды.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 8 қыркүйекте Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауын арнайды», – деп хабарлады өзінің Telegram-арнасында ҚР Президентінің кеңесшісі, баспасөз хатшысы Руслан Желдібай.
Айта кетейік, былтыр Президент 2 қыркүйекте халыққа Жолдауын жариялаған еді. Ол елдің әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуына арналды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/1056818?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау