ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына сәйкес мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi жалдаушы кәмелетке толған отбасы мүшелерiнiң келiсiмiмен және кәмелетке толмағандардың құқықтарын ескере отырып, қалдық құны бойынша жекешелендіруге құқылы.
Тұрғынжайды жекешелендіретін азаматтар тұрғынжайдың құнын бөліп төлей алады.
Қалдық құны он бес миллион теңгеден аз тұрғынжай он жылға дейінгі мерзімге бөліп төлеуге беріледі.
Қалдық құны он бес миллион теңгеден асатын тұрғынжай он бес жылға дейінгі мерзімге бөліп төлеуге беріледі.
Тұрғынжайды жекешелендіретін азаматтар тұрғынжайды жекешелендіру туралы шартта белгіленген тұрғынжай құнының кемінде он пайызы мөлшерінде бастапқы жарна енгізеді.
Тұрғынжай құнын бөліп төлеу шарттары мен мерзімдері тұрғынжайды жекешелендіру туралы шартта көзделеді.
Тұрғын үйді жекешелендіру – мемлекеттік қызмет болып табылады, сондай-ақ өтініш E-Qazyna порталы арқылы беріледі. Өтініш беру бойынша толық нұсқаулық Instagram парақшамызда жарияланған.
Мыналар мемлекеттік тұрғын үй қорынан өздері тұратын тұрғын үйлерді меншігіне өтеусіз алады:
1) бірінші және екінші топтағы мүгедек адамдар;
3) Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, басқа да радиациялық апаттар мен азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегі авариялардың салдарларын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтар мен оқу-жаттығуларға тікелей қатысқан адамдар;
4) Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен Қазақстан Республикасының азаматтары;
5) бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағын қорғау кезінде, басқа кезеңдерде әскери қызметтің өзге де міндеттерін орындау кезінде жаралануы, контузия алуы, жарақат алуы салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа мемлекеттерде әскери қызметін өткеру кезінде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектігі бар адам деп танылған әскери қызметшілер;
6) Арал маңындағы экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен Қазақстан Республикасының азаматтары;
7) әскери қызметтен немесе арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметтен қызметте болудың шекті жасына толуына, денсаулық жағдайы бойынша немесе штаттың қысқартылуына байланысты шығарылған адамдар:
күнтізбемен есептегенде жиырма және одан көп жыл еңбек сіңірген;
күнтізбемен есептегенде он және одан көп жыл еңбек сіңірген және мүгедектігі бар баланы (мүгедектігі бар балаларды), оның ішінде жасына қарамастан бала кезінен мүгедектігі бар адамды (мүгедектігі бар адамдарды) асырап-бағып отырған әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері.
Егер Қазақстан Республикасының азаматтары:
1) Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында өзге тұрғынжайы болса, бұл ретте тұрғынжайда елу пайыздан кем үлесінің болуы есепке алынбайды;
2) Қазақстан Республикасының аумағында ипотекалық тұрғын үй қарызы шарты бойынша міндеттемесі болса;
3) жекешелендіруге өтініш берген кезге дейін соңғы бес жыл ішінде өздеріне меншік құқығында тиесілі болған тұрғынжайды иеліктен шығарса, олар мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды жекешелендіре алмайды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ekibastuz-econom/press/news/details/1057000?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау