Құқық қорғау саласындағы ынтымақтастық мәселелері Ереванда талқыланды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ереван, 2025 жылғы 22 тамыз – Құқық қорғау саласындағы қазақ-армян өзара іс-қимылын одан әрі кеңейту шеңберінде Қазақстан Елшісі Болат Иманбаевтың Арменияның Бас прокуроры Анна Вардапетянмен кездесуі өтті. Әңгімелесу барысында армян тарапы Қазақстанның қазіргі дамуымен және әртүрлі салалардағы көпқырлы қазақ-армян ынтымақтастығымен, оның ішінде ҚР-да іске асырылып жатқан және заңның үстемдігін, құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге және адам құқықтарын қорғауға бағытталған ауқымды реформалар бағдарламасымен таныстырылды. Құқықтық жүйені реформалауда, сондай-ақ заңсыз сатып алынған активтерді мемлекетке қайтару жөніндегі қызмет шеңберінде тәжірибе алмасу мәселелеріне ерекше назар аударылды. А.Вардапетян Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформаларды жоғары бағалап, олардың қазіргі жаһандық сын-қатерлер жағдайындағы өзектілігі мен маңыздылығын атап өтті. Армениядағы Қазақстанның жекелеген азаматтарымен байланысты мәселелер бойынша, сондай-ақ екі елдің құқық қорғау органдарының қатысуымен өтетін халықаралық іс-шаралар кестесі бойынша пікір алмасылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-erevan/press/news/details/1056580?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version