Сегізінші шақырылған Жуалы аудандық мәслихатының
кезектен тыс, қырық тоғызыншы сессиясын шақыру туралы
2025 жылғы 2 қыркүйекте сағат 15-20-да аудан әкімдігінің мәжіліс залында сегізінші шақырылған Жуалы аудандық мәслихатының кезектен тыс, қырық тоғызыншы сессиясы өтеді.
Сессияның қарауына келесі мәселелер енгізіледі:
- Жуалы аудандық мәслихатының 2024 жылы 30 желтоқсандағы
«2025-2027 жылдарға арналған Жуалы ауданы Бауыржан Момышұлы ауылы және ауылдық округтерінің бюджеттері туралы» №36-2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы; - «Жуалы аудандық мәслихаты аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы.
Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы 2025 жылғы 2 қыркүйекте сағат 15:00-де өтеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-zhualy/press/news/details/1057199?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау