ТАМЫЗ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ – 2025

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Аудандық мәдениет үйінде «БІЛІМ КЕЛЕШЕГІ: АДАЛ АЗАМАТ, КӘСІБИ МАМАН» тақырыбында дәстүрлі тамыз конференциясы өтті.

Ұстаздар қауымының басын қосқан алқалы жиында өткен оқу жылыныңқорытындысы сараланып, алда тұрған міндеттер мен стратегиялық бағыттарайқындалды.

Тамыз конференциясына аудан әкімі Жалғас Мұртаза, аудандық құқық қорғауоргандарының басшылары, аудандық қоғамдық және ардагерлер кеңесініңтөрағалары мен мүшелері, аудандық мәслихаттың төрағасы, аудан әкімініңорынбасарлары, «AMANAT» партиясының төрағасы, аудан әкімдігінің бөлімбасшылары, білім беру мекемелерінің басшылары мен ұстаздар және еңбекардагерлері қатысты.

Аудан әкімі Жалғас Мұртаза балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, заманауи технологиялар мен жасанды интеллект негіздерін білім беру процесіне енгізу, цифрлық ресурстармен жабдықтаубілім сапасын көтеругебағытталған маңызды міндет екенін атап өтіп, жаңа оқу жылыныңбасталуымен құттықтады.

Конференция барысында аудандық білім бөлімінің басшысы БахытШертаева, «Жамбыл облысы оқу-ағарту, ғылым және жоғары білімқызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасыЕрұлан Мағзымбеков, №19 Д.Қонаев атындағы мектеп-гимназияныңдиректоры Орынбек Жанболат, №1 Ш.Мұртаза атындағы мектеп-гимназияның педагогы Балжан Даулова баяндама жасады.

Сондай-ақ, конференция соңында жұмысшы мамандықтары жылына орайбірқатар білім беру қызметкерлері марапатталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-zhualy/press/news/details/1057236?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version