Бүгін Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары 2021 жылдың 26 тамызда Байзақ ауданындағы әскери бөлімде болған жарылыс кезінде қаза тапқан «Халық Қаһарманы» Мейіржан Аймановтың рухына тағзым етті.
Шараға қатысушылар қаһарманның әріптестері мен туған-туыстары жиналған «Жеңіс» саябағындағы ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.
Сонымен қатар, ТЖД қызметкерлері Қазақстан тарихында есімі мәңгілікке жазылған тағы бір батыр — «Халық Қаһарманы» Ғазиз Байтасовты да еске алды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-taraz/press/news/details/1057090?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау