Тұрғын сектордағы өрт қауіпсіздігі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Тұрғын үйлерде өрт қауіпсіздігін сақтау – әрбір азаматтың басты міндеттерінің бірі. Өрт көбіне қарапайым ережелерді сақтамаудан немесе салғырттықтан шығады.

Өрттің негізгі себептері:

  • электр сымдарының тозуы немесе дұрыс қосылмауы;
  • газ құрылғыларын қауіпсіздік ережесін сақтамай пайдалану;
  • балалардың отпен ойнауы;
  • пеш пен жылыту жабдықтарын дұрыс қолданбау;
  • шылым шегудің салдарынан пайда болған өрт.

Өрт қауіпсіздігін сақтау жолдары:

  1. Электр сымдарын уақтылы тексеріп, ескіргендерін ауыстыру;
  2. Газ плитасы мен пешті қараусыз қалдырмау;
  3. Балаларды өрт қауіпті заттардан қорғау;
  4. Әр үйде өрт сөндіргіш құралын ұстау;
  5. Шылымды тек арнайы күлсалғышта сөндіру.

Өрт кезінде атқарылатын іс-әрекеттер:

  • 101 немесе 112 нөміріне қоңырау шалу;
  • адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
  • Құтқарушылар келгенге дейін тұрғындарды қауіпті аймақтан шығару.

Өрт қауіпсіздігі – барлығымыздың ортақ жауапкершілігіміз. Қарапайым ережелерді сақтау арқылы өзімізді және отбасымызды үлкен қауіптен қорғай аламыз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zko/press/news/details/1056973?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version