Заңсыз сауда орындарын зерделеу жұмыстары жалғасуда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Тараз қаласы әкімінің 2024 жылғы 18 қарашадағы №64-өкіміне сәйкес құрылған жұмыс тобы заңсыз орнатылған сауда дүңгіршектерін анықтау және оларды жою бойынша тұрақты түрде зерделеу жұмыстарын жүргізуде.

Зерделеу барысында «Ұлы Дала» шағын ауданындағы №72 үйдің маңында заңсыз орнатылған сауда дүңгіршегі анықталды. Қазіргі уақытта иесі белгісіз

Құрметті дүңгіршек иесі!
Осы хабарландыру жарияланған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде дүңгіршекті өз еркіңізбен алып тастауыңыз қажет.

 Егер көрсетілген мерзімде ешқандай іс-әрекет жасалмаса, дүңгіршек қараусыз нысан ретінде танылып, мәжбүрлі түрде алып тастау шаралары жүргізілетін болады.

Осы мерзім ішінде біздің бөлімге хабарласып, мәселені нақтылауыңызды сұраймыз.
 Байланыс нөмірі / Контактный номер: 8 (7262) 45-54-97

 Мекенжай / Адрес: Тараз қаласы, М. Жүнісалиев көшесі, №1

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-taraz/press/news/details/1057083?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version