Жағатал ауылдық округі әкімі аппаратының қызметкерлері арасында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңнамаларды түсіндіру мақсатында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасы, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етудің құқықтық негіздері жан-жақты талқыланды.
Қызметкерлерге сыбайлас жемқорлықтың қоғамға тигізетін кері әсері, оның алдын алу жолдары мен жауапкершілік шаралары туралы ақпарат берілді. Дөңгелек үстел сұрақ-жауап және пікір алмасу форматында өтті.
Шара соңында қатысушылар адалдық пен ашықтық қағидаттарын ұстанудың маңыздылығын атап өтіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру – баршамыздың ортақ міндетіміз деген тұжырымға келді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-zhagatal/press/news/details/1057037?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау