Жасөспірімдер мен жастардың репродуктивті денсаулығын бірге қорғайық

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылғы 25 тамызда Достық үйінде облыс әкімінің орынбасары А. К. Маликованың төрағалығымен ” Жасөспірімдер мен жастардың репродуктивті денсаулығын бірге қорғайық” тақырыбында семинар өтті.

Спикерлер ретінде әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшелері, облыстың атқарушы органдарының басшылары, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері сөз сөйледі.

Күн тәртібінде жастардың саналы әке мен ана болу, адамгершілік-жыныстық тәрбие, жасөспірімдер мен жастардың репродуктивті денсаулығы негіздерін қалыптастыру туралы мәселелер қаралды.

Сіздің денсаулығыңызға, оның құрамдас бөлігі — репродуктивті денсаулығыңызға қамқорлық жасау әр адамның және бүкіл қоғамның мінез-құлқының нормасы мен мәдениетіне айналуы керек.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-pavlodar-oblysy/press/news/details/1057127?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version