Жасұлан Қадірханұлы Қаратөбе аудандық ауруханасының директоры лауазымына тағайындалды.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Қ.Сүйеуғалиевтің төрағалығымен жиын өтті.

Жиында Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мадияр Утешевтің бұйрығымен Нұрахунов Жасұлан Қадірханұлы Қаратөбе аудандық ауруханасының директоры лауазымына тағайындалды.

Ж. Нұрахунов 2013 жылы Семей қаласындағы Мемлекеттік медицина университетін тәмамдаған.

2017–2018 жылдары Алматы қаласындағы Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университетінде аталған мамандық бойынша магистратураны аяқтаған.

Жасұлан Қадірханұлы еңбек жолын 2013–2018 жылдары Алматы облысы, Көксу ауданындағы «Көксу орталық аудандық ауруханасы» дәрігер-эксперт;

  • 2018–2019 жылдары Талдықорған жоғары медициналық колледжінде «Гигиена және эпидемиология» кафедрасының оқытушысы;
  • 2019–2022 жылдары «Медикер – Жайық» ЖШС-де сапаны бақылау және аудит жөніндегі координаторы;
  • 2022 жылдың желтоқсан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазталов аудандық ауруханасы директорының медициналық қызметтердің сапасын бақылау жөніндегі орынбасары.

Кәсіби біліктілігі:

➤ 2015 жылы Алматы қаласындағы Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университетінде «Пациенттерді қолдау қызметі және ішкі бақылау ерекшеліктері» циклы;

➤ Сол жылы Талдықорғанда өткен «Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық пактіні іске асыру» тақырыбындағы оқыту семинары;

➤ 2017 жылы аталған университетте «Медициналық көмектің сапасын басқару» циклы;

➤ 2020 жылы еңбек заңнамасы, қауіпсіздік және еңбекті қорғау тақырыптары бойынша семинар;

➤ 2021 жылы Астана қаласындағы ҚАЗГЮУ-де «Нысандардың кешенді қауіпсіздігі» циклы;

➤ 2024 жылы «Медициналық көмектің сапасын ішкі аудит және сараптау» циклы

Жиында сөз алған аудан басшысы Қ.Сүйеуғалиев Ербол Қуанышұлына алғысын жеткізіп, жаңа басшының жұмысына сәттілік тіледі.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-karatobe/press/news/details/1056631?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version