Мақсаты: мемлекеттік білім беру саясатын іске асыруда бірыңғай тәсілді қамтамасыз ету, 2025–2026 оқу жылына педагогикалық ұжым қызметінің негізгі міндеттерін анықтау.
Педагогикалық кеңестерге білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті, «Өрлеу» БАҰО және әдістемелік орталық қызметкерлері қатысуда.
Кеңес барысында жаңа оқу жылында білім беру ұйымы жұмысының басымдықтары мен негізгі бағыттары айқындалып жылдық жұмыс жоспары бекітілді.
Сонымен қатар, «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы, оқу үрдісінде жасанды интелекті тиімді пайдалану, мектептің ұйымдастырушылық-шаруашылық қызметі туралы мәселелері талқыланды.
Бұл бастама ұстаздар қауымының кәсіби әлеуетін арттыруға және оқушылардың сапалы білім алуына бағытталады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-zhetysu/press/news/details/1057213?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау