Бүгін аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлының төрғалығымен кезекті аппарат мәжілісі өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары мен ауыл округтерінің әкімдері, дербес бөлімдер мен мекеме басшылары қатысты.
Жиынның күн тәртібінде бірнеше маңызды мәселелер қаралып, жоспарлы жұмыстар пысықталды.
Мәжілісте алдымен аудандық білім бөлімінің басшысы Құдайберген Шербаев жаңа 2025–2026 оқу жылына дайындық барысы жөнінде баяндады. Ол мектептердің материалдық-техникалық базасы, оқушыларды оқулықтармен қамтамасыз ету, мектеп ғимараттарының жөндеу жұмыстары мен қауіпсіздік шаралары туралы айтып, атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.
Баяндамадан соң аудан басшысы жаңа оқу жылына ешбір кедергісіз, сапалы дайындық жүргізудің маңыздылығын айтып, жауапты бөлім басшысына жұмыстарды қадағалап, бақылауда ұстауды тапсырды.
Мұнан соң «Мансап» орталығының директоры Ерболат Әбиев жұмыспен қамту іс-шараларының орындалуы, жастар практикасы мен қоғамдық жұмыстарға азаматтарды тарту жұмыстары туралы баяндады. Жауапты орталық басшысына әлеуметтік қолдау тетіктерін тиімді іске асырып, тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамту бағытындағы жұмыстарды жандандыру тапсырылды.
Сондай-ақ, күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Саттар Нәлібай хабарлама жасап, аудан көлемінде «Таза Қазақстан» акциясының орындалуы мен жылу маусымына дайындық барысы туралы атап өтті. Баяндамашы коммуналдық нысандардың дайындығы, жылыту қазандықтарының жөндеу жұмыстары және тазалық шаралары жайлы есеп беріп, жоспарлы жұмыстардың орындалу барысын баяндады.
Жиынды қорытындылаған аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы күн тәртібінде қаралған мәселелерге тоқталып, жауапты сала басшылары мен орынбасарларына нақты тапсырмалар жүктеді. Әсіресе білім беру, жұмыспен қамту, санитарлық тазалық және жылу маусымына дайындық бағытындағы жұмыстарды қатаң бақылауда ұстап, жоспарлы жұмыстарды белгіленген мерзімде сапалы орындалуын қамтамасыз етуді міндеттеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-audany/press/news/details/1057591?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау