Өңірдің әлеуметтік маңызы бар жобаларын іске асыру – облыстық мәслихаттағы «АMANAT» партиясы фракциясы мүшелерінің бақылауында

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Облыстық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты А.Қ.Қалықовтың қатысуымен партияның Сайлауалды бағдарламасының жол картасы іс-шараларының орындалу барысын, сондай-ақ жекелеген іс-шаралардың орындалмауына байланысты тәуекелдерді талқылады.

Депутаттар өнеркәсіптік өндіріс және агроөнеркәсіптік кешен салаларындағы даму жобаларын іске асыру, сондай-ақ кәсіпкерлікті қолдау үшін гранттар мен микрокредиттер бөлу мәселелеріне ерекше назар аударды. Білім беру, спорт және денсаулық сақтау объектілерін салудың проблемалық мәселелерін, сондай-ақ атмосфераға зиянды заттар шығаруды азайту жөніндегі шараларды талқылады.

Осы мәселелерді облыстық мәслихат алаңында одан әрі қарау жоспарланған, олардың уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз ету үшін іс-шаралардың орындалуына мониторингті қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс жалғасатын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-karagandinskoy-oblasti/press/news/details/1057568?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version