САУРАНДЫҚТАР ҚАЗАҚСТАН ФУТБОЛ ЧЕМПИОНАТЫН ЖЕҢІСПЕН БАСТАДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
2025 жылдың 20–24 тамыз күндері Алматы қаласында Әуесқой футбол лигасының XIII Қазақстан чемпионаты өтуде. Бұл дүбірлі додада ауданымыздың атынан “Құмтүйін” футбол командасы өнер көрсетіп, Сауран ауданының намысын қорғауда.
 
Команда чемпионаттағы алғашқы ойынын өткізіп, сенімді бастама жасады. Қарсылас SAMGA (Щучинск) командасын 5:2 есебімен ойсырата жеңіп, турнир кестесінде алғашқы ұпайына ие болды.
 
Бұл жеңіс – спортшыларымыздың табандылығы мен жоғары дайындығының жемісі. Жерлестерімізге алдағы ойындарда сәттілік тілейміз.
 
Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sauran-turkestan/press/news/details/1057417?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version